weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 10:19 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ирандағы көпірге соққы: 8 адам мерт болды

АҚШ пен Израильдің Ирандағы Тегеран мен Кередж қалалары арасындағы B1 көпіріне жасаған шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті, тағы 95 адам жарақат алды. Бұл туралы Иранның Tasnim агенттігі мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ирандағы көпірге соққы: 8 адам мерт болды

«АҚШ пен Израильдің Кередждегі B1 көпіріне жасаған қатыгез шабуылы салдарынан сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың қатарында табиғат күнін (Ирандағы Жаңа жыл мерекесінің 13-ші, соңғы күні – ред.) атап өтіп жүрген, сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар да бар. Тағы 95 адам түрлі жарақат алды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін АҚШ пен Израиль B1 көпіріне соққы жасаған болатын. Бұл жоба Тегеран мен Кередж қалаларын байланыстырып, Таяу Шығыстағы ең ірі көпірге айналуы тиіс еді. Алғашқы мәліметтер бойынша, шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған еді.

 

 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→