АҚШ–Израиль шабуылы: Иранда 115 мыңнан астам нысан қирады
АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан Иранда 115 мыңнан астам азаматтық нысан зақымданды,- деп хабарлайды newsroom.kz
АҚШ пен Израильдің Иранның азаматтық инфрақұрылымына жасаған соққылары салдарынан 28 ақпаннан бері 115 193 нысан қираған немесе зақымданған.
Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы хабарлады.
Есепке сәйкес, зақымданған нысандардың қатарында 91 498 тұрғын үй, 763 білім беру мекемесі және Қызыл Жарты Айға тиесілі 18 орталық бар.
Сонымен қатар, үш медициналық тікұшаққа да зақым келген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дубайда ирандық снарядтардың сынықтары құлауынан 4 адам жарақат алғанын мәлімдеген едік.