Иран Дубайға соққы жасады: Зардап шеккендер бар
Бүгін таңертең Дубайда кемінде бес жарылыс болғаны туралы Euronews журналистері хабарлады. БАӘ билігі ирандық соққылардың әуе қорғаныс жүйелері арқылы тойтарылғанын мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Сейсенбі күні таңертең Дубайда ирандық снарядтардың сынықтары құлауынан кемінде төрт адам жарақат алды. Бұған дейін Euronews тілшілері қалада кемінде бес қуатты жарылыс болғанын, ал тұрғындардың жерасты паналау орындарына асығып жатқанын хабарлаған еді.
Кейінірек Біріккен Араб Әмірліктерінің тұрғындарына зымырандардың ұсталғаны және жағдайдың бақылауда екені туралы ескерту жіберілгені туралы ақпарат тарады.
Бұған дейін Дубайдың баспасөз қызметі ұшқышсыз ұшу аппараты Дубайдың аумақтық суларында тұрған Кувейт танкеріне соққы жасағанын хабарлаған. Шабуыл салдарынан кемеде өрт шыққан. Экипаждағы 24 адам қазір қауіпсіз жерде. Әзірге қоршаған ортаға зиян келгені тіркелмеген.