БАӘ-де жылжымайтын мүлік нарығы құлдырады: мәмілелер 40%-ға дейін азайды
Наурыз айының екінші аптасында БАӘ-дегі жылжымайтын мүлік бойынша мәмілелер көлемі жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 38–42 пайызға төмендеген,— деп хабарлайды newsroom.kz
Соның ішінде қайталама нарықтағы (вторичка) мәмілелер 59 пайызға, ал виллалар сегменті 89 пайызға дейін қысқарған.
Тұрғын үй жылжымайтын мүлік секторында да бағалар 8–15 пайызға төмендегені тіркелді.
Сонымен қатар қонақүй секторындағы бағалар да күрт арзандаған:
• Burj Al Arab қонақүйіндегі бөлмелердің бағасы шамамен 58 пайызға төмендеді;
• Atlantis The Royal қонақүйінде 57 пайызға арзандады;
• Armani Hotel қонақүйінде бұрынғы тарифтермен салыстырғанда 50 пайыздан астамға түсті.
Бұған қоса, ең ірі девелоперлердің бірі Emaar компаниясының акциялары шамамен 40 пайызға арзандады.