Жаңалықтар

Қырғызстандағы тұрақты халық саны 7,4 миллионнан асты

2026 жылдың қаңтар айында Қырғызстандағы тұрақты халық саны 9,2 мың адамға артты. Осылайша, 1 ақпандағы мәлімет бойынша ел халқы 7 миллион 413 мың адамға жетті. Бұл туралы 24.kg мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтер бойынша, 1 ақпанда Бішкек қаласының халқы 1 миллион 360,6 мың адамды, ал Ош қаласының халқы 485,7 мың адамды құрады.

Ал осы кезеңде 2,7 мың адамның қайтыс болғаны тіркелген, яғни әр 1 мың тұрғынға шаққанда 4,3.

Осының нәтижесінде табиғи өсім 8,2 мың адамды, немесе әр 1 мың тұрғынға шаққанда 13 адамды құрады.

Биылғы қаңтар айында халықтың табиғи өсімі ең жоғары көрсеткіш Баткен, Жалал-Абад және Ош облыстарында байқалса, ең төмен көрсеткіш Бішкек қаласында тіркелген.