Жаңалықтар

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 39 триллион доллардан асты

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 39 триллион доллардан асты,— деп хабарлайды newsroom.kz

АҚШ Қаржы министрлігінің 17 наурыздағы деректеріне сәйкес, елдің жалпы қарызы шамамен 39,017 триллион долларға жеткен.

Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 38 триллион долларлық межеден шамамен бес ай бұрын — 2025 жылдың қазан айының соңында асқан. Ал 37 триллион доллар деңгейі өткен жылдың тамыз айының ортасында тіркелген.

АҚШ Конгресінің Бюджет басқармасы (CBO) ақпан айында жасаған болжамында, 2036 қаржы жылында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 56,15 триллион долларға жетеді деп көрсеткен. Бұл көрсеткіш елдің ішкі жалпы өнімінің 120%-ына тең болады.

Салыстырмалы түрде айтқанда, 2025 қаржы жылында (қыркүйекте аяқталған) мемлекеттік қарыз 30,17 триллион долларды немесе ЖІӨ-нің 99%-ын құраған.

Сондай-ақ болжам бойынша, 2030 жылға қарай АҚШ-тың қарызы ЖІӨ-нің 108%-ына дейін өсіп, бұрынғы рекордтық көрсеткіштен асып түседі. Бұған дейінгі ең жоғары деңгей 1946 жылы, яғни Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 106% болған.