weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 16:18 / Перизат Ілес / Дін
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қадір түні қандай дұғалар оқылады?

2026 жылы мың айдан да қайырлы Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Қасиетті күні оқылатын дұғалар жинағын назарға ұсынамыз,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қадір түні қандай дұғалар оқылады?

• Ықлас сүресін 100 рет оқу керек
Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». 

• Қадыр сүресі – 100 рет
Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түнітүсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түніАллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет. 
Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

• Астәғфируллуһ – 500 рет;

• Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадірсүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түніқой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→