weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Референдум: Қазақ хандары дауыс беруге келді

Қызылорда қаласындағы №375 сайлау учаскесінде референдум аясында ерекше әрі мазмұнды акция ұйымдастырылды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Референдум: Қазақ хандары дауыс беруге келді

Қазақ хандары Қасым хан, Есім хан және Тәуке хан бейнесіндегі азаматтар бір мезетте дауыс берді.

Тарихтан белгілі, Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ халқын бірлікке ұйыстырып, мемлекеттіліктің берік негізін қалаған заңдар жүйесі болды. Бүгінгі Ата заң да сол бабалар салған сара жолды жалғап, Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды құжат екені сөзсіз.

Шараның мақсаты  азаматтардың саяси белсенділігін арттыру және ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда әрбір тұрғынның дауыс беруінің маңызын көрсету.

Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы сайлау учаскелерінде референдум талаптарына сәйкес дауыс беру процесі ашық, заң талаптарына сай әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қала тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→