Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Қорғаныс министрлігі әскери әуе кемесінің оқу-жаттығу кезінде құлағанын растады. Ұшқыштар аман
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Караганда облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған. Экипаж катапульта жасап үлгерген.
Ұшқыштар тірі, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.
Апат болған аумақ қоршауға алынған. Министрлік мәлімдеуінше, тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнбеген.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.