Әр адамның дауыс беру құқығы үлкен сенім — Мақпал Мыса
Қазақстанға белгілі ақын, аудармашы, Мақпал Мыса референдумға дауыс беруге шақырды,– деп хабарлайды newsroom.kz
Қадірлі қазақ елі! Алдағы 15 наурыз еліміздегі маңызды құжат Ата заңымыздың жаңа редакциясына қатысты республикалық референдум өтеді. Талқылау кезеңі өтті. Енді әрқайсысымыз өз таңдауымызды жасауымыз керек.Әр адамның дауыс беру құқығы үлкен сенім.Бұл дегеніміз өз ұстанымыңызды білдіру.Болашағыңызға қатысты шешімге үн қосу. Мен өз дауыс беру құқығымды пайдаланып, азаматтық таңдауымды жасаймын. Сізде сырт қалмаңыз,- деді ол.