weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Индонезияда ұсталды: Жангелдиндегі жантүршігерлік оқиғаға күдікті табылды

Атырау облысында қайын атасы мен қайын енесін өлтірді деген күдікке ілінген 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев Индонезия аумағында қолға түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Индонезияда ұсталды: Жангелдиндегі жантүршігерлік оқиғаға күдікті табылды
Фото: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталы.

Еске салайық, қанды оқиға Атырау облысының Қызылқоға ауданында болған. Марқұмдар – күдіктінің жұбайының ата-анасы. Осыған дейін Сәрсемалиевке халықаралық іздеу жарияланған еді.

Министрлік мәліметінше, қазақстандық құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен бірлесіп, күдіктіні Индонезиядағы Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұстаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2025 жылдың қарашасында Сәрсемалиев туыстарын қасақана өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Қаза болғандардың денесін үй қасындағы сарайдың астына жасырған, қан іздерін жойып, олардың мүлкі мен ақшасын алып кеткен.

«Онымен бірге бұрын із-түзсіз жоғалған ретінде халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды», — деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.

Қазір ұсталғандарды Қазақстанға депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→