Жаңалықтар

Көкшетауда 25 мың долларға бүйрегін сатпақ болған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде өз ағзасын сататыны туралы хабарлама жариялаған күдікті мәміле үстінде қолға түсті.

Ақмола облысы полициясының мәліметінше, Алматы облысының тұрғыны әлеуметтік желілердің бірінде бүйрегін 25 мың долларға сататыны жөнінде хабарландыру орналастырған.

Жедел қызметкерлер жарияланымға назар аударып, арнайы іс-шара жүргізген. Күдікті ақшаның бір бөлігін алып жатқан сәтінде ұсталған. Оның жанынан қолма-қол қаржы, ұялы телефон және медициналық құжаттар табылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция Қазақстанда адам ағзаларын сатып алу мен сатуға заңмен қатаң тыйым салынғанын және мұндай әрекетке қатысқандар жауапкершілікке тартылатынын еске салды.