Жаңалықтар

Қазақстандық блогерлер табысын жасырғаны үшін 500 млн теңге төлейді

Қазақстанда блогерлердің табысын тексеру нәтижесінде жүздеген миллион теңге көлемінде салық өндірілмек. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Ерқанат Шынбергеннің айтуынша, тексеріс 2022–2023 жылдардағы табыстарды қамтыған.

Бақылауға шамамен 80 мың адам іліккен, олардың ішінде 850-ге жуық блогер бар. Тексеру барысында кейбір инфлюенсерлер жарнамадан түскен табысты, соның ішінде бартер мен сыйлық түріндегі кірістерді декларацияда көрсетпегені анықталған.

Егер табыстар арасында айырмашылық табылса, салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Ол не салықты төлеуге келісуі, не бір ай ішінде декларациясының дұрыстығын дәлелдеуі тиіс.

Белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда тексеру тағайындалып, қарыз сомасы мәжбүрлі түрде өндіріліп алынады. Жалпы өндірілетін сома шамамен 500 млн теңгені құрайды.