Бақылауға шамамен 80 мың адам іліккен, олардың ішінде 850-ге жуық блогер бар. Тексеру барысында кейбір инфлюенсерлер жарнамадан түскен табысты, соның ішінде бартер мен сыйлық түріндегі кірістерді декларацияда көрсетпегені анықталған.
Егер табыстар арасында айырмашылық табылса, салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Ол не салықты төлеуге келісуі, не бір ай ішінде декларациясының дұрыстығын дәлелдеуі тиіс.
Белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда тексеру тағайындалып, қарыз сомасы мәжбүрлі түрде өндіріліп алынады. Жалпы өндірілетін сома шамамен 500 млн теңгені құрайды.