Немересі әжесінің сейфін бұзып, 7 млн теңге ұрлаған
Түркістан облысының Сауран ауданында ірі ұрлық дерегі ашылды. Күдікті жәбірленушінің өз туысы болып шыққан.
Полиция мәліметінше, үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланған жас жігіт жатын бөлмедегі сейфті бұзып, шамамен 3 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды қолды қылған. Жалпы шығын көлемі 7 млн теңгеге жуық деп бағаланған.
Ұрланған әшекейлерді күдікті сауда орындарының бірінде сатып жіберген. Белгілі болғандай, ол — арызданушының туған немересі.
Қазір тергеу аяқталып, іс материалдары сотқа жолданды. Күдіктінің тағдырын енді сот шешеді.