Жиынға Қарағанды облысының әкіміЕрмағанбет Бөлекпаев, Конституциялықкомиссия мүшелері Нұркен Кобжанов пен Бекзат Алтынбеков қатысты.
Өз сөзінде өңір басшысы жаңаКонституцияны қабылдау — тек құқықтыққұжатты жаңарту емес, технологиялықреволюция жағдайында мемлекеттіліктінығайтуға бағытталған стратегиялық қадамекенін атап өтті.
— Жаңа Конституцияны қабылдаубойынша бүкілхалықтық референдум өткізу — маңызды әрі тарихи шешім. Бұл жекелегеннормаларды түзету ғана емес, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін мемлекеттікқұрылымның жаңартылған моделінқалыптастыру. Біз бұл шешімге ауқымды саясиреформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыраотырып келдік. Жаңа Конституция бірлік, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтайотырып, жеке тұлғаны қорғауды күшейтеді — кінәсіздік презумпциясын, жекебостандықтарды және адвокаттың рөлін нақтыбекітеді. Бүгін біз болашақ өміріміздің негізінайқындап отырмыз, сондықтан дұрыс таңдаужасау маңызды, - деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімі 2019 жылдан бастау алғанжәне қоғамдық, мемлекеттік әрі экономикалықжүйені жаңғыртуға бағытталғанреформалардың хронологиясына тоқталып, олардың заңды жалғасы ретінде жаңаКонституция ұсынылып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар реформаларды жүзегеасырудағы және Қазақстанның болашағынқалыптастырудағы жастардың рөліне ерекшемән берді.
Конституциялық комиссия мүшелері НұркенКобжанов пен Бекзат Алтынбеков комиссия құрамындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, конституциялық реформаны әзірлеубарысында қоғамдық қатысудың маңызын атапөтті.
«Талдау Қарағанды» өңірлік аналитика мектебінің қатысушысы Асылжан Төлегеновэкологиялық қағидаттарды конституциялықдеңгейде бекітудің маңыздылығына тоқталды.
— Жаңа Конституция жобасындаэкологиялық мәселелер орнықты даму қағидаттары арқылы көрініс тапқан. Мұнда«Таза Қазақстан» тұжырымдамасыныңлогикалық жалғастығы байқалады. Экология — бұл тек жекелеген экологиялық заңнамамәселелері емес, қоршаған орта мен табиғиресурстарға деген көзқарасымыз. Жобаныәзірлеу барысында қоғам тарапынан жоғарыбелсенділік болды. Бұл құжатты біз, қазақстандықтар, өзіміз үшін жаздық, - дедіАсылжан Төлегенов.
Облыстық Жастар ісі жөніндегі кеңестіңмүшесі Жанбота Елубаев Конституцияныңзияткерлік меншікті қорғаудағы жәнежастардың шығармашылық әлеуетіндамытудағы рөліне тоқталды.
«Ұлт қазына» жобасының менторы Салтанат Қайырбек конституциялық реформа адами капитал мен креативті саланы дамытуғажаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
— Конституциялық реформа — бұл жаңамүмкіндіктермен қатар институттардыңжауапкершілігін арттыру. Үшінші бапта адамикапитал мемлекеттің негізі екені айқынкөрсетілген. Демек, ғылымды, білімді жәнемәдениетті дамытуға айрықша мән беріледі. Біздің өңірде мәдени іс-шаралар форматынанмәдени өндіріс пен креативті индустрияныдамытуға көшу бағытында жаңа бастамаларжүзеге асырылуда. Бұл — жаңа Конституция талаптарына сай келетін уақтылы қадам, - дедіол.
Кездесу барысында қатысушыларконституциялық реформалардың негізгібағыттарын талқылап, пікір алмасты жәнеөздерін толғандырған сұрақтарын қойды.