Газа секторына қайта соққы: тоғыз адам қаза тапты
Израиль әскері Газа секторына кезекті әуе шабуылдарын жасап, кемінде тоғыз адамның өмірін қиды.
Соққылар сектордың солтүстігі мен оңтүстігіне бағытталған. Бұл туралы Reuters жергілікті қызметтерге сілтеме жасап хабарлады.
Дәрігерлердің мәліметінше, босқындарға арналған шатырлы лагерьге жасалған соққыдан төрт адам қаза тапқан. Тағы бес адам Хан-Юнис ауданында көз жұмды.
Израиль қорғаныс армиясы шабуылдарды ХАМАС тарапынан бітімнің бұзылуына жауап деп түсіндірді. Әскерилердің айтуынша, қарулы топ мүшелері «сары сызықтан» өтіп, туннельден шыққан.