Жаңалықтар

Украинада Нұрлан Сабуровқа қатысты тергеу басталды

Украина қауіпсіздік қызметі қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты «агрессор мемлекетке көмектесу» бабы бойынша тергеу бастағаны хабарланды.

Тергеу туралы заңгер Андрей Пронин мәлімдеді. Оның айтуынша, іс Украина Қылмыстық кодексінің 111-2-бабы 1-бөлігі — «агрессор мемлекетке жәрдемдесу» бойынша қозғалған.

Украина қауіпсіздік қызметі ықтимал түрде материалдық ресурстардың Ресей қарулы құрылымдарының өкілдеріне берілгені жөніндегі ақпаратты тексеріп жатыр. Алайда Украина билігі әзірге іс бойынша ресми мәліметтерді жариялаған жоқ.