Жаңалықтар

Жаңаөзенде дәрігерді пышақтап өлтірді: күдікті өз еркімен берілген

Жаңаөзен қаласында 29 жастағы дәрігер-терапевт пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні қалалық медициналық мекемелердің бірінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам аурухана дәлізінде дәрігерге шабуыл жасап, пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған медицина қызметкері оқиға орнында қайтыс болды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті күдіктінің өз еркімен полицияға келгенін және қылмысын мойындағанын хабарлады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала нұсқа бойынша, қақтығыс тұрмыстық себеппен туындаған. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.