Жаңалықтар

Қарашығанақ ісі: мұнай алпауыттары Қазақстанға миллиардтаған доллар төлеуі мүмкін

Қарашығанақ жобасына қатысушы ірі мұнай компаниялары Қазақстанға миллиардтаған доллар қайтаруы ықтимал. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Лондондағы халықаралық арбитраж Қазақстанның талабын ішінара қанағаттандырған.

Қазақстан Eni, Shell және басқа да серіктестерді келісімшарт құнын негізсіз өсіріп, артық шығындарды мемлекет есебінен өтеген деп айыптаған. Сот бұл шығындар өнімді бөлу туралы келісім аясында өтелмеуі тиіс деген уәжбен келіскен.

Алдын ала есеп бойынша, өтемақы көлемі 2–4 млрд доллар аралығында болуы мүмкін. Қаражат бюджетке мұнайды бөлу формуласына түзету енгізу арқылы қайтарылады. Консорциум апелляция беруі мүмкін.

Арбитражға Eni мен Shell-ден бөлек Chevron, «Лукойл» және «ҚазМұнайГаз» да қатысқан.