Жалпы сыйымдылығы 20 мыңнан астам орын болатын бұл нысандардың құны 74,2 млрд теңгені құраған. Яғни бір мейрамхананы ашуға орта есеппен 1 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Мейрамхана саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр — 28 нысан. Одан кейін Қызылорда облысы (8) орналасқан.
Сол кезеңде 92 кафе іске қосылып, олардың жалпы құны 14,2 млрд теңгеге жеткен. Бір кафенің орташа құны шамамен 150 млн теңге. Кафелер ең көп ашылған өңірлер — Түркістан және Қызылорда облыстары.
Сонымен қатар есепті кезеңде 14 асхана және 3 жылдам тамақтану орны пайдалануға берілген.