Жаңалықтар

Астанада түнгі барға сәбиімен барған әйел желіні шулатты

Астанадағы кафе-барлардың бірінде болған жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Threads платформасында тараған жазбаларда келушілер түнгі мекемеде қолында бірнеше айлық сәбиі бар әйелді көргенін айтады.

Куәгерлердің сөзінше, қатты музыка мен жарық шамдар қосылып тұрған сәтте әйел би билеп, баланы үстел қасына қалдырған. Сәбиге мультфильм қосып қойғаны да айтылған.

Пайдаланушылар мұндай жастағы бала әлі отыруға дайын емес екенін, ал шулы орта мен мас адамдардың көптігі оның денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін жазуда.

Кейінірек мекемеге ер адам кіріп, баланы кіреберісте ұстап тұрғаны байқалған. Ол баланың әкесі болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жағдай соншалықты алаңдатарлық болғандықтан, полиция шақыру туралы да ой болған.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны қызу талқылап, ата-аналардың жауапкершілігіне назар аударуға шақыруда.