Оның айтуынша, соңғы кезде ашу мен төзімсіздік жиілеп, адамдар бір-біріне деген сыйластықты ұмыта бастаған.
Өнер иесі күнделікті өмірдегі қарапайым жағдайлардың өзінде сабыр сақтай алмайтын жандардың көбейгенін атап өтті.
«Қазір көлікті тұраққа қойып жатқанда 10–15 секунд күтуге шыдамы жетпей, сигнал беріп, адамды шошытады. Бірдеңе болды ма деп қарасаң, артынан балағаттап, айғайға басады», – деді ол.
Әнші жұртты байыпты болуға, өзара түсіністік пен құрметке шақырды. Оның пікірінше, мейірім мен адамгершілік – қоғамды біріктіретін ең басты құндылықтар.
«Аздап сабыр сақтап, бір-бірімізге мейіріммен қарайық. Сыйластықты ұмытпайық», – деп ойын түйіндеді Бүркіт.