weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Енді Аустралияда 16-ға толмаған бала әлеуметтік желілерде отыра алмайды

Австралия сәрсенбі күні әлемде алғаш болып 16 жасқа толмаған балаларға TikTok, YouTube, Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік желілерге кіруге толық тыйым салды.

Енді Аустралияда 16-ға толмаған бала әлеуметтік желілерде отыра алмайды
Фото: GETTY IMAGES

Премьер-министр Энтони Альбанез видеоүндеуінде балаларды демалысты пайдалы өткізуге шақырды:

«Мектеп каникулын телефонға телмірумен емес, жаңа спорт түрін үйреніп, музыка аспабын меңгеріп немесе көптен бері оқылмай тұрған кітапты парақтап өткізіңіз. Ең бастысы — жақындарыңызбен, достарыңызбен тірі қарым-қатынаста уақыт өткізіңіз», — деді ол.

Жаңа заңды орындамаған платформаларға 49,5 млн австралия долларына (33 млн АҚШ доллары) дейін айыппұл салынады.

Тыйым ата-анасы рұқсат берген балаларға да жүрмейді — 16 жасқа толмаған ешбір бала әлеуметтік желіде аккаунт аша алмайды.

Қазір шектеу 10 платформаға енгізілген. Үкімет жасөспірімдер басқа қосымшаларға ауысқан жағдайда тізім кеңейтіле беретінін айтты.

Бұрынғы X желісінің иесі Илон Маск бұл шешімді «австралиялықтардың интернетке қолжетімділігін жасырын бақылау» деп бағалады. Бірқатар платформалар да сөз бостандығына нұқсан келеді деп отыр.

Соған қарамастан, тізімдегі барлық компания (X-ті қоспағанда) жаңа талаптарды орындайтынын мәлімдеді. Олар жас ерекшелігін онлайн-әрекет арқылы анықтау, селфи-фото арқылы жасын бағалау, қажет болса, жеке куәлік немесе аккаунтқа тіркелген банк мәліметтері арқылы тексеру жүйелерін енгізбек.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→