Министрліктің мәліметінше, 1991 жылдан бері берілген барлық дипломдарды қамтитын бірыңғай деректер базасы әзірленіп, іске қосылған. Бұл заңсыз құжат айналымының алдын алуға бағытталған жүйелі қадам ретінде бағаланып отыр.
Сонымен қатар:
- дипломдардың мазмұнына қойылатын бірегей стандарттар бекітілді;
- әр диплом бірегей нөмір және QR-код арқылы рәсімделеді;
- жүйеге қолжетімділік тек жоғары оқу орындарының ресми жауапты тұлғаларына беріледі.
Министр бұл өзгерістердің мәнін былай түсіндірді:
- дипломды қолдан жасауға жол берілмейді;
- жұмыс берушілер құжаттың түпнұсқалығын тез әрі оңай тексере алады;
- адал оқыған түлектердің еңбегі қорғалады.
«Білім – қоғамдағы сенімнің негізі. Еліміздегі әрбір дипломның нақты құндылығы мен заңды күші болуы – біздің басты міндетіміз», – деді Саясат Нұрбек.