weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
8 желтоқсан, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Гоа түнгі клубында өрт шығып, 25 адам қаза тапты

Үндістанның Гоа штатындағы түнгі клубтардың бірінде ірі өрт болып, кемінде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы штат басшысы Прамод Савант X платформасында хабарлады. Құрбандардың арасында үш-төрт шетелдік турист бар.

Гоа түнгі клубында өрт шығып, 25 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Өрт түн ортасынан кейін, Гоадағы ең көп баратын жағажайлардың бірінің маңындағы клуб аумағында шыққан. Үш адам күйік салдарынан көз жұмса, қалғандары түтіннен уланудан қайтыс болған. Полицияның алдын ала дерегіне сүйенсек, қаза тапқандардың басым бөлігі — сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлер болуы мүмкін.

Гоа штатындағы өрт қызметінің басшысы Нитин Рейкердің айтуынша, клубта кеш кезінде «отты шоу»ұйымдастырылған. Сол сәтте ағаштан жасалған декоратив элементтер тез тұтанып, жалын бүкіл ғимаратқа лезде тараған.

Өрт толық өшірілгеннен кейін нысан мөрленді, ал мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеруге кірісті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→