weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кафе дәретханасында қызды зорламақ болған ер адам  сотталды

Ақтөбеде сот кафеде демалып отырған қызға шабуыл жасаған ер азаматқа үкім шығарды. Ол зорлау әрекетін жасамақ болды деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кафе дәретханасында қызды зорламақ болған ер адам  сотталды
Фото; ашық дпреккөз

«Диапазон» басылымының мәліметінше, оқиға қаладағы кафелердің біріндегі әйелдер дәретханасында болған. Қыз кабинада отырған кезде белгісіз ер адам есікті қағады. Жауаптан кейін де кетпей, құлыпты бұзып, ішке кіріп кеткен.

Қолындағы шанышқымен қорқытып, жәбірленушінің кеудесіне қол салған. Кейін оны шешіндіріп, зорлауға әрекеттенген.

Қыз айқайлап, көмек сұрай бастағанда, оның дауысын басқа келушілер естіп, дәретханаға жүгіріп кірген. Олар ер адамды ұстап, полиция келгенше ұстап тұрған.

«Сотта айыпталушы зорлау әрекетін жасағанын толық мойындады. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», — деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→