weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге өсе ме?

Бүгін Мәжілісте 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланып жатыр. Құжатқа берілген қорытындыда депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды ұсынған.

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге өсе ме?
фото: qamshy.kz

Құжатта жазылғандай, Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген жаңа есептеу әдістемесіне сәйкес, ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру қажет.

Минималды жалақы – бұл жұмыс беруші қызметкерге толық жұмыс айы үшін төлеуге міндетті ең төменгі сома. Ол еңбекақының мемлекеттік кепілдігі ретінде қаралады және әлеуметтік төлемдер мен салықтарды есептеу кезінде де қолданылады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда ең төменгі жалақыны есептеу әдісі жаңарған. Енді бұл көрсеткіш елдің экономикалық жағдайы мен қызметкерлердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып анықталады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→