weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбелік футболшының үйінен 3 мәйіт табылды

Ақтөбеде кәмелетке толмаған футболшы және оның әжесі мен немере ағасы қайтыс болды. Бұл ақпаратты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті растады.

Ақтөбелік футболшының үйінен 3 мәйіт табылды

Бұған дейін «Ақтөбе» жасөспірімдер футбол клубы 15 жастағы ойыншысы Арон Мұсаның қазасы туралы хабарлаған болатын.

«Аронның отбасы орны толмас қайғыға душар болды. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген клубтың ресми хабарламасында.

ТЖД мәліметінше, 12 қазан күні құтқарушылар Кутуев көшесіндегі тұрғын үйге шақырту бойынша барған. Үйдің ішінде үш адамның мәйіті табылған.

«Оқиға орнында өрт белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның нақты себебі анықталуда», – деді департамент өкілдері.

Қайғылы оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→