weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 қазан, 2025 / Перизат Ілес / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы әкімі америкалық World Water Works компаниясымен су тазарту жүйесін жаңғырту жайын талқылады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды су тазарту саласында инновациялық шешімдерімен танымал болған америкалық World Water Works компаниясының басшыларымен жүздесті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматы әкімі америкалық World Water Works компаниясымен су тазарту жүйесін жаңғырту жайын талқылады

Кездесуге кімдер қатысты?

• ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Сұлтанғали Кинжақұлов;

• «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Айбол Арғынғазинов

• World Water Works компаниясының президенті Амареш Конаманени;

Тараптар Алматыда кәріз-тазарту нысанын жаңғырту бойынша бірлескен жобаны талқылады. Қазақстан тарапынан мегаполистің су бұру жүйесін жетілдіруге бағытталған жоспарын бөлісті. Ал World Water Works өкілдері АҚШ, Еуропа және Азиядағы ағын суларды тазартудың озық технологиясын таныстырды.

«Алматы үшін тазарту құрылыстарын жаңғырту және су бұру жүйесінің тиімділігін арттыру – басты басымдықтардың бірі. Бұл жобалар экологияға, алматылықтардың өмір сүру сапасына және қаланың дамуына тікелей қатысты. Біз World Water Works компаниясымен серіктес бола отырып, үлкен мүмкіндікке қол жеткіземіз. Заманауи технология енгізу арқылы ағын суларды тазарту деңгейін едәуір арттыра аламыз», – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетелік, World Water Works компаниясының президенті Амареш Конаманени ұйымның АҚШ, Канада, Мексика, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыста жобаларды сәтті жүргізіп жатқанын айтты. Енді олар Орталық Азия нарығына қадам баспақ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→