weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев самокаттар туралы: бәрімізге жүру мәдениетін қалыптастыру қажет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа Жолдауында электрсамокаттарға қатысты мәселені көтерді. Оның айтуынша, заңға енгізілген өзгерістерге қарамастан, бұл көлік түрінен туындайтын қауіп әлі де сақталып отыр.

Тоқаев самокаттар туралы: бәрімізге жүру мәдениетін қалыптастыру қажет
Фото: РБК

– Әрбір адам өзінің өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін түсінуі тиіс. Қоғам болып жүру мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Әсіресе электрсамокаттарға назар аудару керек. Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып келеді. Екі жыл бұрын заңға өзгерістер енгізіліп, жаяу жүргіншілер аймағында қозғалысқа шектеулер қойылды. Алайда қоғамдық орындардағы жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ – азаматтар әлі де қауіпке ұшырап жүр, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бүгінде осы саланы реттейтін заңнамалық түзетулер дайындалған, оларды жедел қабылдау қажет.

– Әрбір азаматтың, әрбір баланың өмірі – баға жетпес. Бұл жерде ұсақ-түйек болмайды. Ақыр соңында, мұның бәрі – Қауіпсіз Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдар, – деді Тоқаев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→