weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Келісіне 145 теңге: үкімет картоптың  бағасын белгіледі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл картоп өнімділігі 2,7 млн тонна көлемінде болады деп күтілуде. Егістіктегі баға килограмына 90–120 теңге аралығында, ал соңғы аптада бөлшек баға 3,9 % төмендеп, килограмына 194 теңгені құрады.

Келісіне 145 теңге: үкімет картоптың  бағасын белгіледі

Жылдық қажеттілік 2 млн тонна болса және өнім мол болады деген болжам бар болғандықтан, картоп экспортына қойылған шектеу 28 шілдеде алынды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтің айтуынша, тамыз айында фитосанитарлық сертификат беру кезінде туындаған техникалық іркілістер шешілді. Министрлік экспорт көлемін қатаң бақылап, ел ішінде тапшылық туындауына жол бермейтінін жеткізді.

Ал шілде айының соңында сарапшылар елдегі қор аздығына байланысты картоп бағасының күрт қымбаттағанын айтқан еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→