Түркістан облысындағы инновациялық инфрақұрылым: заманауи даму тынысы
Инновациялық инфрақұрылым — өңірдің экономикасын, білімін, өндірісін және әлеуметтік қызметтерін дамытудағы басты қозғаушы күш. Түркістан облысы соңғы жылдары осы бағытта жүйелі түрде қадам жасап, индустриалды аймақтар, экономикалық зоналар, IT-хабтар, білім мен ғылым инфрақұрылымы сияқты жобаларды қатар даму үстінде,- деп хабарлайды newsroom.kz
Байланыс инфрақұрылымы: 5G-дан Интернетке дейін
Облыс 149 жаңа ауылды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етті және Түркістан, Сарыағаш, Жетісайда 5G технологиясы енгізілді. Бұл EdTech, AgriTech және GovTech платформаларын дамытуға жол ашты.
Инфрақұрылымдық трансформация – болашақтың негізі
Түркістан облысы инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруда жүйелі, үйлесімді әрі кешенді тәсілді қолға алды. Индустриалды аймақтар, экономикалық зоналар, жан-жақты ғылым мен білім инфрақұрылымы, IT-хабтар мен халықаралық серіктестік арқылы өңір:
• Стратегиялық нысандарға инвестиция тартады;
• Өнеркәсіптік кластерлер мен жаңа өндірістерді негіздейді;
• Білім мен ғылымды заманауи талаптарға сәйкестендіреді;
• Жастар мен кәсіпкерлерді инновацияларға тартуда жетекші позицияға шығады.
Алдағы жылдарда бұл инфрақұрылымдарды толық іске қосу арқылы Түркістан облысы Қазақстан мен Орталық Азиядағы инновациялық орталықтардың біріне айналуы бек мүмкін.
Айта кетелік, 2024 жылы 17 мамырда Түркістан «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК мен Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясымен бірлесе ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – уақыт талабына сәйкес ғылым және білім жетістіктерін қолдана алатын креативті ойлау қабілеті дамыған құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Сондай-ақ оқушылардың зерттеу қызметін талқылау, тәжірибе алмасу алаңын ұсыну, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің зерттеу жүргізуге деген ынтасын көтеру және білім берудің өзекті мәселелерін талқылау.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен әлемнің 190 елінде және аумағында жұмыс істейтін БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті қолдау көрсетті.
Жиынға Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, п.ғ.д., академик Асқарбек Қабікенұлы Құсайынов, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің өкілі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қонақова Клара Өмірзаққызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инженерлік және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Темірбаев Әмірхан Әділханұлы және ғылым саласының өкілдері арнайы қатысты.
Конференция алдымен жалпы пленарлық отырыстан басталып, алғашқы болып сөз алған Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, академик Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ қатысушыларды құттықтап, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына толық тоқталды.
Одан кейін Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл сөз алып, соңғы уақытта еліміздегі балаларға білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен нәтижелерге жоғары бағасын берді.
Пленарлық отырыс, әріқарай негізгі 5 секция бойынша жалғасты.
1. Ұлттық және отбасы құндылықтары мен мектептің тәрбиелік ортасын дамыту жолдары;
2. Білім берудегі замануи педагогикалық технологиялар;
3. Қосымша білім беру жүйесінің оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы ролі;
4. Оқушыларда зерттеушілік дағдыларын арттыруда әдістемелік кабинеттер, үйірмелер, мұғалім-әдіскерлердің ролі;
5. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысы және білім сапасын көтеру мәселелері.
«Оқушылар сарайының» директоры, Индира Сарқытқызы: «Жаһандану кезеңінде өзгеріске түспеген ұлт кемде кем. Солай бола тұра біз балаларға білім беру ошақтарында ұлттық кодты сақтауға әрі жалғастыру үшін түрлі жолдар қарастыруымыз керек деп білемін. Оның маңызы – ұлттың ұлт болып сақталуында, өз мәдениеті мен болмысынан айырылмауында. Ал қазіргі оқушы – жаңа технологияны меңгерген, ақпараттық кеңістікте қиындықсыз өмір сүре алатын тұлғалар. Оларға ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді сіңіру тікелей ата-ана мен білім беру ошақтарына міндет болып тұр» деді.
Конференция аясында нақты ұсыныстар қаралып, оны жүйеге енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Оқушылар сарайының» UniSat білім беру хабының жұмысы таныстырылды. Хабтың мақсаты – наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және шығармашылық салаасындағы дағдыларды жетілдіру.