weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алып, өзіне қоспақ

ForteBank Home Credit Bank-тің барлық акциясын сатып алып, оны өз құрамына қосуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ресми хабарламада айтылды.

ForteBank Home Credit Bank-ті сатып алып, өзіне қоспақ

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 14 тамызда өтетін ForteBank акционерлерінің кезектен тыс жиналысында күн тәртібіне Home Credit Bank-ті қосу туралы шарт жобасын мақұлдау мәселесі енгізілген.

2025 жылғы 27 маусымда ForteBank пен Home Credit Bank-ке иелік ететін PPF Financial Holdings компаниясы арасында сатып алу-сату келісімі жасалған. Соған сәйкес ForteBank Home Credit Bank-тің дауыс беретін және орналастырылған 34 890 акциясын – яғни 100 пайыз үлесін – иеленеді. Осы мәміледен кейін банктер ерікті түрде қайта ұйымдастырылып, Home Credit Bank ForteBank құрамына біріктіріледі.

Қайта құру нәтижесінде клиенттер мен серіктестерге қызмет көрсету бір жүйеге біріктіріледі деп күтілуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→