weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иранда су тапшылығы ушығып тұр: билік астана жұмысын уақытша тоқтатуы мүмкін

Иран астанасы Тегеранда ауызсу тапшылығы өте ауыр күйде. Ел үкіметінің ресми өкілі Фатеме Мохаджеранидің айтуынша, жағдай соншалықты күрделі, үкімет бір аптаға дейін астананың жұмысын тоқтату мәселесін қарастырып жатыр. Бұл уақытта мемлекеттік мекемелер, мектептер мен университеттер жұмыс істемейді.

Иранда су тапшылығы ушығып тұр: билік астана жұмысын уақытша тоқтатуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Сарапшылардың мәліметінше, елдегі су қоймаларының 80 пайызы құрғап қалған. Алдағы екі айда қалыпты су беру мүмкін емес. Тек күзгі жаңбыр ғана жағдайды жақсартуы мүмкін.

Судың жетіспеушігі бүкіл ел бойынша сезіліп отыр. Өткен аптада Тегеран мен тағы 50-ден астам қалада су беру шектелді. Кейбір аудандарда тұрғындар тәулігіне 12-ден 48 сағатқа дейін сусыз қалды. Соның салдарынан мыңдаған адам елдің солтүстігіне – Каспий теңізі маңына көшіп кеткен. Бұл өңірде әзірге су тапшылығы жоқ.

Tehran Times басылымының жазуынша, ел президенті Масуд Пезешкиан бұл мәселені бұрыннан көтеріп келеді. Ол Тегерандағы экологиялық және инфрақұрылымдық ауыртпалықтарға байланысты елдің саяси-экономикалық орталығын басқа қалаға көшіруді ұсынған.

Bild басылымы су дағдарысына бірнеше себепті атайды: ұзаққа созылған құрғақшылық пен үкіметтің су инфрақұрылымына емес, Таяу Шығыстағы әскери ұйымдарды қаржыландыруға басымдық беруі.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→