weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның әуе кемелер паркі 221 ұшаққа дейін көбейеді

Қазақстан 2030 жылға дейін әуе кемелер паркін 221 бірлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанның әуе кемелер паркі 221 ұшаққа дейін көбейеді

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев биыл Қазақстанның әуе кемелер паркі 16 ұшақпен толығатынын, олардың алтауы қазірдің өзінде сатып алынғанын мәлімдеді. 2030 жылдың соңына дейін әуе кемелерінің жалпы саны 221 бірлікке жетпек.

2025 жылдың басынан бері қазақстандық әуе компаниялар 7,2 миллион жолаушыны тасымалдаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық. Министрдің айтуынша, әуежайларда көрсетілген қызмет көлемі 14,4 миллион адамды құрады.

2020 жылдан бастап елде 20 ұшу-қону жолағы, 19 терминал қайта жөндеуден өткізілді, Түркістан қаласында жаңа әуежай салынды.

Министрдің айтуынша, инвестициялық бағдарламалар аясында авиация саласына шамамен 2,9 миллиард АҚШ доллары тартылмақ. Бұл қаржы ірі жобаларды іске асыруға, атап айтқанда, туристік аймақтарда – Катонқарағай, Зайсан, Кендірлі мен Арқалық қаласында жаңа әуежайлар салуға, 10 ұшу-қону жолағын, 10 терминалды қайта жаңартуға және арнайы техника паркін жаңартуға бағытталады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→