weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Италияда шағын ұшақ көліктер жүрген тас жолға құлады

Қайғылы оқиға 22 шілдеде болды. Ұшақтың құлау сәті мен артынша болған жарылыс бейнекамераларға түсіп қалған.

Италияда шағын ұшақ көліктер жүрген тас жолға құлады

Giornale di Brescia басылымының мәліметінше, Promecc Freccia RG маркалы аса жеңіл ұшақты 75 жастағы адвокат басқарған. Оның жанында 65 жастағы әйел серігі отырған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Ұшақ құлаған кезде оның бөлшектері жеңіл көлік пен жүк фургонына тиген. Бұл көліктердегі екі адам жеңіл жарақат алып, аман қалған.

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Граньяно-Треббьенсе коммунасындағы «Пьяченца» аэроклубының ұшу-қону жолағынан көкке көтеріліп, шамамен 65 шақырым ұшып өткен.

Өрт сөндірілгеннен кейін апат орнында ұшақтың тек жеке фрагменттері ғана табылған: мысалы, фюзеляждың кей бөліктері мен құйрық бөлігі ұшақ соғылған жерден едәуір алысқа ұшып кеткен. Ұшақтың негізгі бөліктері көміртекті материалдан жасалғандықтан, түгелге жуық жанып кеткен.

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→