weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бапкер шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін несие алған

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы Айдын Сарсекеев Азия чемпионатына қатысу үшін 500 мың теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Kursiv басылымына сілтеме жасап.

Бапкер шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін несие алған

Бапкердің айтуынша, Олимпиадалық даярлау орталығы сапарды толық қаржыландыра алмаған. Ұйым бір балуанды тізімнен алып тастап, құрамды қысқартуды ұсынған. Алайда Сарсекеев шәкіртін жарысқа апарудан бас тартпай, оған өз квотасын берген. Сөйтіп, спортшының жол, тұру және тамақ шығындарын жаттықтырушы өз қалтасынан, қарызға ақша алып өтеген.

Команда жарысқа біркелкі форма киіп шықпаған. Балуандар марапаттау кезінде форма ауыстырып киюге мәжбүр болған. Жаңа спорттық киім тек тамызда өтетін әлем чемпионатына дейін беріледі деп уәде етілген.

Қиындықтарға қарамастан, Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетті — спортшылар 13 медаль жеңіп алды, оның 6-уы грек-рим күресінен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→