weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 маусым, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҚО әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс орталығында салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ақ халатты абзал жандарды шын жүректен құттықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz

БҚО әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдегі денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, медицина мамандарының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты болады» деген болатын. Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – қашан да ең жауапты, ең ізгі де абыройлы міндет. Сіздер осы қасиетті жолда жоғары кәсіби біліктілік пен адами жанашырлық танытып, халықтың шынайы сеніміне ие болып келесіздер, – деді Нариман Төреғалиев.

Жиын барысында сала үздіктеріне “Еңбек ардагері” медалі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, “Құрмет” грамоталары, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→