weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Доллар бағамы қайта өсті — екі апталық тұрақтылықтан кейін

Соңғы екі аптада доллар бағамы біршама тұрақталған еді. Бірақ 12 маусымдағы KASE-дегі сауда қорытындысы бойынша, АҚШ валютасының орташа бағамы 511,77 теңгеге көтерілді. Бұл — соңғы күндердегі ең күрт өсім, деп хабарлайды newsroom.kz.

Доллар бағамы қайта өсті — екі апталық тұрақтылықтан кейін
Фото: nur.kz

Бұрынғы жағдай қалай еді?
29 мамырда доллар бағамы 512,66 теңгеден 509,26 теңгеге дейін төмендеген. Кейін біршама құбылып, тіпті кеше 507,8 теңгеге дейін түсті. Бұл бағамды Ұлттық банк бүгінгі ресми курс ретінде бекіткен болатын.

Kurs.kz мәліметі бойынша, бүгінгі  айырбас бағамы:
Астана:
– сатып алу: 507–510 ₸
– сату: 514–516 ₸

Алматы:
– сатып алу: 507–511,4 ₸
– сату: 511–516 ₸

Шымкент:
– сатып алу: 509,5–511 ₸
– сату: 512,5–514 ₸

Сарапшылар болжамынша, 2025 жылы доллардың орташа бағамы 513,9 теңге болады. Ал 2026 жылы — 540, 2027 жылы — 550 теңгеге жетуі мүмкін.

Айта кетейік, кейбір ескі, жыртылған немесе жарамсыз купюларды айырбастау орындары қабылдамауы мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→