weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадан үйлі болуды қалайтындардың назарына

Астанадан үйлі алғысы келетін жандар қалада заңды түрде салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты енді eGov Mobile қосымшасы арқыла ала алады, деп хабарлайды newsroom.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанадан үйлі болуды қалайтындардың назарына
Фото: homsters.kz

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Бүгінгі таңда сіздер Egov Mobile қосымшасы арқылы үлестік құрылыс нысандарын тексере аласыздар.

Ақпарат алу үшін үш қарапайым қадамды орындау жеткілікті:

EGOV mobile қосымшасын ашыңыз.

"Басқа қызметтер" бөліміне өтіңіз.

Әрі қарай "Тұрғын үй порталы" және БСН, құрылыс салушының немесе тұрғын үй кешенінің атауын енгізіңіз.

"Тұрғын үй порталы" ақпараттық жүйесінде Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігі немесе үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің рұқсаты бар барлық заңды түрде салынып жатқан үлестік қатысу объектілері туралы толық ақпарат қолжетімді", - делінген әкімдіктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада. 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→