weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

Бүгін, 8 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қызметінен босатты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

Айта кету керек, Жақсылықов 2022 жылғы 19 қаңтарда Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын. Сондай-ақ 2024 жылы бұл қызметке қайта тағайындалған.

Руслан Жақсылықов 1966 жылы төртінші наурызда Алматы облысы, Қарасай ауданында өмірге келген.

Ол И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны, РФ ҚК Бас штаб әскери академиясының жоғары академиялық курсын (2004) бітірді.

Руслан Жақсылықов бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болды.

Айта кетелік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→