weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Бұл елдегі жағдайдың тұрақсыздануына әкелер еді»: Тоқаев – Назарбаев және активтерді қайтару жайында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген сұхбатында елдің бұрынғы басшысының айналасындағы элиталардың артықшылықтарынан қалай арылып жатқанын сөз етті.

«Бұл елдегі жағдайдың тұрақсыздануына әкелер еді»: Тоқаев – Назарбаев және активтерді қайтару жайында
Фото: Ақорда

Журналист сұхбат барысында:
«Сіздер бірқатар нәтижеге қол жеткіздіңіздер – тергеу жүргізіліп, ұрлықтар бойынша үкімдер шықты. Қателеспесем, 1,2 миллиард доллар елге қайтарылды. Бірақ кейбір сарапшылар жұмыстың әлі толық аяқталмағанын айтады. Назарбаевтың есімімен байланысты кейбір құрылымдар (Назарбаев қоры, Halyk Bank және тағы басқалары) әлі де терең тексерілмеді. Бұл туралы не ойлайсыз?» – деп сұрады.

Мемлекет басшысы өз жауабында елде қаржы жымқыру фактілері болғанын растады және тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді:

«Әрине, біздің жұмысқа сын айтылып жатыр. Бірақ біз біраз шаруа тындырдық – және оның көпшілігі халқымыз бен қоғамымыз үшін маңызды болды. Сонымен бірге, ел тарихындағы алғашқы президент – Назарбаевтың тарихи рөлін жоққа шығара алмаймыз. Иә, қателіктер болды, қаржы ұрланды – өзіңіз атап өткендей. Бұл бағытта тергеулер жүріп жатыр, әрі қарай да жалғасады. Бірақ мен Қазақстанда дүрбелең туғызып, жағдайды ушықтыруды мақсат тұтпаймын. Өйткені бұл елімдегі тұрақтылыққа кері әсер етер еді».

Сұхбат барысында Тоқаев мұнай экспорты мәселесіне де тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстанның Ресей арқылы өтетін экспорттық бағыттарға тәуелділігі жайында ой айтты. Бұл туралы толығырақ біз бұған дейін жазған едік.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→