weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстаннан 15 млрд доллар көлеміндегі криптоактив жоғалып кеткен – Ұлттық банк өкілі

Қазір Қазақстаннан шетелге шығарылған криптоактивтердің көлемі 15 миллиард долларды құрап отыр. Бұл қаражаттың қайда кеткенін қадағалау мүмкін болмаған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстаннан 15 млрд доллар көлеміндегі криптоактив жоғалып кеткен – Ұлттық банк өкілі
Фото: money.bg

Оның айтуынша, Қазақстанда криптовалюта саласына қатысты әкімшілік және құқықтық реттеу тетіктері әлі толық қалыптаспаған, сондықтан азаматтар өз қаржысын бұл салаға сенімді түрде сала алмайды.

«Қазір Қазақстанда цифрлық активтер нарығын ретке келтіретін заңнамалық тетіктер әзірленіп жатыр. Заңсыз ақша аударымдарының жолын кесуге ерекше көңіл бөлінеді – әрі әкімшілік, әрі қылмыстық деңгейде», – деді Шолпанқұлов.

Ол заманауи технологиялар дамыған сайын криптовалюта операцияларын жасыру мүмкін болмайтынын айтты.

«Халықаралық бақылау жүйелеріне қосылсақ, болашақта арнайы брифинг өткізіп, кімнің, қайда және қанша қаражат шығарғанын, заңсыз сақтап отырғанын **аты-жөнімен** айтуымыз мүмкін. Техникалық мүмкіндік бар, тек уақыт қажет», – деді ол
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→