weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы маусымда @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Бұл экологиялық мәселелер бойынша жедел өтініштер мен шағымдарға арналған платформа,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстандықтар @Tazaqazbot чат-боты арқылы экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатыса бастады
Фото: gov.kz

Экобот іске қосылғаннан бері түскен 18 мыңнан астам өтінімнің 17 мыңы сәтті орындалды.

@TazaQazBot-тың белсенді пайдаланушылары - Алматы, Шымкент және Астана қалаларының тұрғындары. Статистикаға сәйкес, өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жинау, тұрмыстық қоқыстарды шығару, көшелерді абаттандыру тақырыптары төңірегінде.

Бұл платформа жолдарды жөндеу, су айдындарын тазарту және кіреберістердің санитарлық жағдайын жақсарту сынды өтінімдердің 21 санатын қамтиды.

Айта кету керек, өтінімдер сапасыз орындалған жағдайда аталмыш жүйеде шағым беруге болады. 2025 жылдың басынан бері 200-ден астам шағым тіркелді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→