weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісінен 5 млн теңге өндірмек болды

Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісіне виртуалды қарым-қатынас кезінде сыйлаған 5 миллион теңгені қайтармақ болып, сотқа жүгінді. Ерекше іс тек тараптардың ғана емес, бүкіл сот қауымдастығының назарын аудартты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісінен 5 млн теңге өндірмек болды
Фото: ашық дереккөзден

Оқиға онлайн таныстықтан басталған: ер адам мен әйел интернет арқылы сөйлескен. Әйел денсаулығына байланысты қиындықтарын айтқан соң, ер адам оған қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдап, сұраусыз-ақ оның мобильді шотына ақша аударған.

Алайда уақыт өте келе олардың қарым-қатынасы суып, ер адам жұмсаған қаражатын қайтару үшін сотқа талап-арыз түсірген. Ол бұрынғы сүйіктісінен көмек ретінде берген барлық ақшаны өндіріп алуды талап етті.

Бірақ сот талап-арызды қанағаттандырмай, ҚР Азаматтық кодексінің 954-бабына сүйенді. Бұл бапқа сәйкес, сыйлық ретінде, қайырымдылық не көмек ретінде берілген ақша қайтарылуға жатпайды. Ер адам сот шешімімен келіспей, апелляцияға бергенімен, сот алқасы бастапқы шешімді күшінде қалдырды. Осылайша, бұл ерекше іс соңына жетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→