weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Бізді келе жатқан көлік соқты”: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай көз жұмғанын айтты

Композитор Досым Сүлеев Дос-Мұқасан ансамблінің әншісі болған, марқұм Бақытжан Жұмаділов туралы жылы естеліктерін айтты.  Ол өмірден өткен өнерпазбен ұзақ жылдар дос, әрі серіктес болғанын «Алғашқы» бағдарламасында баяндап берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Бізді келе жатқан көлік соқты”: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай көз жұмғанын айтты

“Қайғылы оқиға Қордай асуында болды. Бақытжан өте экстермал, жанкешті адам еді. Ол оқиғаның өткеніне де – 15 жыл. Жамбыл облысына аң мен балық аулап кеткенбіз. Өзім аңшылықты жақсы көрдім. Кейін Бақыт та қызыға бастады. Наурыз айы болатын. Жер тайғақ еді. Марқұм машина айдағанды қатты жақсы көретін. Жылдамдықты асырып айдайтын.  Оны МАИ қызметкерлері де таниды. Ешқашан белдік тақпаған.  Келе жатқанда жолдың мұз екенін көріп, “Баха, машинаны жәй айдашы” дедім. Содан кейін көп өтпей, көліктің рөлі кейін қарай айнала бастады. Жолдың қақ ортасында көлденеңнен тұрып қалдық. Кеш батып кеткен уақыт еді. Бізді келе жатқан көлік соқты. Есімді жиғанда машинаның төңкеріліп жатқанын сездім. Бір күннен кейін ауруханада ояндым. Жан-жағымнан досымды сұрастырғанда, “Бақытты Алла алып кетті” деді. “Жан досым” – әні сол қайғылы оқиғадан кейін туған ән”, – деді композитор.  

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→