weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлттық киіммен пилонда билеген

Пилон спорты бойынша Қазақстан чемпионы Бақыт Қадырова қазақтың ұлттық киімін киіп, пилон — яғни тік бағана үстінде өнер көрсетті. Алайда көп ұзамай желі қолданушылары тарапынан сын мен хейтке ұшырады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Ұлттық киіммен пилонда билеген
видеодан кадр

 

Көпшілік пилон спортын би емес, арсыздықпен шатастырып жатады. Шын мәнінде, бұл — акробатикалық элементтерден тұратын ресми спорт түрі. Бірақ бұл жолы да кей қазақстандықтар Қадыроваға шүйлігіп, ұлттық киіммен ондай би көрсету дәстүрге қайшы деп айыптады.

Ал Бақыт Қадырова бұл жай ғана шоу немесе әдепсіз қылық емес, ресми спорт түрі екенін еске салды.

— Мен мықты әйелдердің сұлулығы мен шеберлігін паш етіп жүрмін. Мен дәстүр мен өзін еркін көрсету құқығын қатар алып жүрген жаңа буын өкілімін, — деді спортшы.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→