weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Белгілі актер сүйіктісін итше сабапты

Әлеуметтік желіде белгілі актер Шәріп Серікке қатысты жанжал қызу талқылануда. Оны актердың сүйіктісі Әлия Бутеева қол көтерді деп айыптады, деп хабарлайды  newsroom.kz.

Белгілі актер сүйіктісін итше сабапты
Фото:Brod.kz

Әлия Бутеева әлеуметтік желіде видео мен фото жариялап, актердің оны жалаңаяқ қуып жетіп, қолынан ұстап, лифтіден күштеп шығарғанын көрсетті. Сондай-ақ, кадрларда оның бетінде қызару белгілері байқалады.

Өз жазбасында бойжеткен оқиғаны эмоциямен баяндап, бұл жағдайды үнсіз қалдырмайтынын айтты.

"Физикалық тұрғыда әлсіз болсам да, рухани әлсіз емеспін. Маған мүлдем жат әрекетке көз жұма қарау мүмкін емес. Мен өзімді және абыройымды қорғауға мәжбүрмін", – деп жазды ол.

  • Фото: instagram/AliyaBooteyeva

Сондай-ақ, ол осындай жағдайға тап болған әйелдерді мұндай қарым-қатынастың қалыпты емес екенін түсінуге шақырды.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Көпшілік қызды қолдап, зорлық-зомбылыққа қарсы пікір білдірді:

"Мұндай нәрсені үндемей қалдыруға болмайды!","Бұл актерге таңым бар! Сен үшін уайымдап тұрмын","Әйелге қол көтерген адам еркек емес","Бұл сұмдық жағдай. Сен өте батылсың!" – деп жазды желі қолданушылары.

Қазір бұл жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр.

"Аталған дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның нақты уақыты мен орны анықталып, заң аясында шаралар қабылданады", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→