weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Балаңыз енді оянбайды”: алаяқтар балабақша тәрбиешісінің телефонын бұзған

Көкшетауда белгісіз біреулер балабақша тәрбиешісінің WhatsApp мессенджерін бұзып, ата-аналарға қорқынышты хабарламалар жіберген, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

“Балаңыз енді оянбайды”: алаяқтар балабақша тәрбиешісінің телефонын бұзған
Видеодан скриншот

Қала тұрғыны тәрбиешіге хабарласып, ұлын күндізгі ұйқыдан кейін ертерек алып кететінін айтқан. Алайда жауап ретінде: "Балаңыз енді оянбайды" деген суық хабарлама алған.

— Мен әлі қалтыраған күйі жүрмін... Сол сәтте не сезінгенімді білсеңіздер ғой... Жанымдағы кіші ұлымнан көліктен шығуын сұрадым да, бірден айқайлап, балабақша директорына қоңырау шалдым, — деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеода.

Келіншектің айтуынша, алаяқтар басқа ата-аналарға да осындай үрейлі хабарламалар жіберген.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталмыш оқиға бойынша әзірге ресми арыз түспегенімен, бұл дерек тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, 14 наурыз күні балабақша тәрбиешісі WhatsApp мессенджерінің бұзылғаны туралы полицияға арыз жазған. Бұл факт Көкшетау полиция басқармасының ақпараттық тіркеу кітабына енгізіліп, тексеру жұмыстары басталған.

— Жарияланған мәліметтер тексерілуде. Егер дәлелденсе, заңға сәйкес шаралар қабылданады, — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→